Текст
Міне, мектеппен қоштасатын сәтте келіп жетті. "Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың" дегендей, кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін қанаттары біліммен қатайып, жаңа өмірге жолдама алғалы тұр. Жүздері бал - бұл жанып, көңілдері толқып, мектептеріне, ұстаздарына деген қимастық лебіздерін білдірді. Түлектерге ақ жол, сәт сапар тілейміз.