"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі" КММ-нің жанында орналасқан "Балдаурен" шағын орталығы 2011 жылдағы 5 қаңтардан өз жұмысын бастады. 20 орындық. Толық күнмен қамтамасыз етілген. Орталықта екі тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, аспаз, медбике, кір жуғыш машинаның операторы қызметтерін атқаруда. Оқу-тәрбие үрдісі үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бес іс-әрекет бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ, тәрбиеленушілермен ұлттық мүдде, ар-ұят, талап осы үш құндылықты жүзеге асыру мақсатында біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы жұмыс атқарылады. Шағын орталықтың тәрбиешілермен ата- аналары арасында тығыз қарым-қатынас орналасқан. Атап айтқанда, "Өнеріміз саған-Қазақстан" фестиваліне "Ұлттық киім", "Мәнерлеп оқу " номинацияларына, Мұқағали Мақатаев оқуларына, "Әкешім менің мақтанышым" байқауына, "Балабақшадағы ғылым" Steam технологиялар конкурсына белсене қатысады.