Мектеп - үздіксіз оқу мекені. Оқушыларды қоғамға,өмірге, болашақ мамандыққа баулып,бағыт-бағдар сілтейтін ұстаздары. Әр ұстаз өзінің бойындағы жылулығын,санасындағы білімін,тәжірибелік жинап-тергенін шәкірт бойына дарытуға бар күш -жігерін арнайды. Мектептегі әдістемелік жұмыстар осының айнасы деуге болады. Бірлестіктердің жұмыс бағдарламасы бойынша өткізген апталықтар оқушылардың ой-өрісін,білімін,интелктін дамытады. Әр оқушы өзінің бойындағы қабілеттерін ашуға мүмкіндік туады. Ғылыми жоба тақырыптарын зерттеген кезде,ізденімпаздық,байқағыштық,креативтілік қасиеттерін аша түседі. Ғылым мен қоғамның сырын түсіне бастайды. Жан-жақты ойлау қабілеттері қалыптасады. Осы кездерде ұстаздар мен оқушылар арасындағы,әр түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлары қызықты болыр өтеді. Осындай ғылыми жобаға жетекшілік жасаған Амриева Р.Ж. оқушысы Каримжанов Дамир облыс көлеміндегі байқаудан 1 -ші орынды иеленіп,бүгінгі күндері республикалық байқауда өзінің жобасын қорғау үстінде. Әрине ұстаздардың жетістігі шәкіртімен сапалы дегендей, оқушылардың білімінің көрсеткіштері ұстаздың жемісі.