Текст
Азаматтық ұстанымды тәрбиелеу, оқушылырдың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу мақсатында мектептегі өзін – өзі басқарудың құқық және тәртіп министрі Н.Н.Консбеков пен «Адал Ұрпақ» үйірмесінің басшысы А.Д.Жирентаева 5-7 сынып оқушылары арсында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» сурет көрмесін өткізді. Мектепте 5-7 сыныптар арасында жыл сайын «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында көркем сурет байқаулары өтеді. Мұндай іс-шаралар оқушыларға пара беру немесе алу заң алдында жауап беретін құқық бұзушылық екенін түсінуге көмектеседі.