Текст
«Жас полиция » үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес, басшы Е.Ж.Шаймерден және денсаулық пен спорт министрі А.А.Туканов «Алғашқы көмек көрсету әдістері мен дағдыны меңгерту» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Аталған іс –шараның мақсаты: оқушылардың қауіпсіздік және тіршілік әрекеті саласындағы білім деңгейі мен сапасын арттыру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білімді қалыптастыру. Оқушылар бәріне өте мұқият болу керек, жақын адамдарына қамқор және мейірімді болу керек, әрдайым мұқтаж адмдарға көмек көрсету керек деген қорытындыға келді.