Текст
14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.
К-кешіру
Ө-өкпе-назды өшіру
Р-ризалық
І-іні-бауырды түсіну
С-сыйластық
У-уыстап барыңды бар жақындарыңмен бөлісі
Мейрамдардың төресі ол әрине -Көрісу
Көрісу күніне байланысты мектепте "Амал келді-жыл келді" атты мерекелік концерт өткізілді.