Ақмола облысы Акмолинская область
Сандықтау ауданы Сандыктауский район
«Жыланды қазақ КГУ «Жыландинская казахская
негізгі мектебі» КММ основная школа»
Бұйрық № 2 Приказ № 2
9 қаңтар 2017 жылы 9 января 2017 года
/Жалпыға білім беру қоры және
«Қамқорлық» акциясы бойынша
айлық өткізу туралы/
Сандықтау ауданының білім бөлімінің бұйрығы № 8- 06.01.2017. негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Жалпыға білім беру қорын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны
аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілсін.
2. Акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылсын және бекітілсін
(жауапты – Баисова К.Ш. )
3. Біліммен қамтамасыз етілмеген балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша аулалық
рейдтер, жорықтарды өткізу бойынша, педагогикалық ұжым, ата-аналар қоғамының
және құқық қорғау органдары мен тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарының
бірлескен жұмыстары жалғастырылсын, жорық өткізу барысында 9- сыныпты аяқтаған оқушы-
ларға ерекше назар аударылсын (мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері).
4. Мектепке баратын оқушылардың сабаққа қатысулары күнделікті қадағалансын, сарапталынсын
(сынып жетекшілері).
5. Бастауыш сынып оқушыларына, көп балалы отбасындағы және аз қамтылған отбасындағы
балаларға ерекше назар аударылсын, оқушылар ыстық тамақтанумен қамтасыз етілсін
(мектеп ұжымы).
6. Селолық округ әкімдіктерімен, ата-аналар қоғамымен бірлесіп, материалдық қолдау, тегін
тамақтануды, киімді, аяқ киімді, мектептің жазу құралдарын қажет ететін
балаларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын (мектеп ұжымы).
7. "Жедел желі" телефондарының жұмысы ұйымдастырылсын. Бұқаралық ақпарат құралдары,
мектеп сайттары, ақпараттық тақталар, буклеттер арқылы акцияның өткізілуі
туралы қоғамды ақпараттан-дырылсын ( Жирентаева А.Д., Имаилова Д.К.)
8. Айлық пен Акция нәтижелері мен қорытындылары туралы ақпаратты білім бөліміне 2017
жылдың 12 ақпанына қарай тапсыруды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры: Баисова К.Ш.