«Балдырған» жазғы алаңының қорытынды есебі.
Мақсаты:Оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын және сауықтыруын қамтамасыз ету.
1) Балаларды сауықтыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
2)оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
3) ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
Өтілетін іс-шаралар: мәдени, ойын-сауық және білім беру дамыту шаралары.
Күтілетін нәтиже:
1.Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
2.Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
3.Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
4.Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
Маусым айының 1-жұлдызынан бастап 15-маусымға дейін «Балдырған» жазғы алаң жұмысын атқарды ,17 бала қатысты. Лагерьге келген барлық оқушылардың ата – аналарынан өтініш алынды, барлығы да медбикенің тексерілуінен өтілді. Демалу барысында оқушылармен көптеген қызықты іс-шаралар өткізілді:
01.06.2017 жазғы алаң ашылу салтанаты мен балалар құқығын қорғау күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерттен кейін оқушылар далаға шығып асфальтта сурет салуға шықты.Түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады.
02.06.2017 «Достаса білейік» балаларды қабылдау күні, оқушылар ән айтып бойларын жазды. Қызықты ертегілер оқыды.
05.06.2017 «Егемен елдің белгісі!» ҚР мемлекеттік рәміздер күні. Балаларды отан сүйгіштікке, мемлекеттік
рәміздерді танып білуге, құрметтеуге баулу. Балалар тақпақтар айтып, гимн орындалды. «Қадірлейік, қастерлейік – құдіретті рәмізді» тақырыбына сурет салды.
06.06.2017 «Көңілді жарыстар» ұйымдастырылды. Оқушыларды 2 командаға бөліп, бір-бірімен жарыстырды.
Жарыс өте қызықты өтті, кейін мектептің медбикесі - Туканова А.Ж. «Жеке бас гигиенасы» жөнінде әңгіме жүргізді.
07.06.2017 «Туған жерімді сүйемін»тақырыбына балалар қызықты сурет салып, қорғады.
08.06.2017 «Біз бақытты балалар» өнер сайысы. Балалар 2-топқа бөлінді, оқушылар есту қабілеттерін мен әндерді қаншалықты білетіндерін көрсете білді.
09.08.2017. «Мен осындай баламын» ерекше күн. Осы күнде оқушылар А4-қағазына өзінің фотасын жабыстырып, өз туралы шағын мақала жазды. Содан кейін ойындар ойнатылды.
12.06.2017 ЭКСПО-2017 туралы шағын әңгіме өткізіліп, «ЭКСПО-2017 деген не?», «Ойнайық та ойлайық» қызығушылықтарын арттыру ойындары жүргізілді . Содан кейін балалар қызықты ойындар ойнап бойларын жазды.
13.06.2017. «Бояулар әлемінде»- көркем сурет байқауы. Балаларға неше түрлі бояу қарындаштар берілді, олар сол түстерді ажыратып , қандай түстер ұнататын айтып шықты . Әр түрлі әдемі бояу қарындашпен сурет салды.
14.06.2017. «Ертегілер әлемінде» күні. Балаларды ертегі кейіпкерлері арқылы жақсылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жаман әдеттерден аулақ бол» әңгіме жүргізілді. Кейін өздеріне ұнаған кейіпкерлер туралы баяндап,талқылады.
15.06.2017. жазғы алаң жабылу салтанатына орай ұйымдастырылған мерекелік концертте балалар өз өнерлерін барынша көрсетті. Олар өлең жолдарын оқыды, ән де шырқады, бірнеше би түрлерін билеп тамашалатты. Соңында «Әрқашан күн сөнбесін» әнінің айтылуымен жазғы кезең жабылды. Шағын корцерттен кейін табиғат аясына саяхатқа шықтық.