«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Жыланды ауылының негізгі орта мектебі» КММ 
КГУ «Основная средняя школа села Жыланды отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»  

Біз әлеуметтік желідеміз

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауына пікір

22.01.2018

Мемлекет басшысының жыл сайынғы

Жолдауына пікір

 

         Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  қаңтардың  9 – ы күні Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасады. «Адамзат  өндірістік  революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде.

Сонымен бірге  дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді де көрсетті.

Мемлекет басшысы тапсырмалардың орындалуы «біздің басты құндылықтарымыздың бірі болып

саналатын, азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге» байланысты екенін айтты.

        Біздің қоғамның басты өзегі болатын қазақстандық азамат өзінің тарихын , қазақ тілін , мәдениетін, шетел тілдерді меңгерген, кеңейтілген және жаһандық көзқарасы бар жеке тұлға болу керек.

        Жолдаудың бір ерекшелігі –мұнда білім саласының барлық сатылары бойынша нақты міндеттер

айқындалған. Осы міндеттер арқылы  біз, мұғалімдер, өзіміздің жұмысымызда нақты бағыт – бағдар

көрдік.  Өйткені жолдауда "білім" сөзі 24 рет кездеседі екен.Бұл білім  саласы басты назарда екенін көрсетеді.

Бұл жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатқан ұстаздарға деген қолдаушылық пен барлық Қазақстандық ұстаздардың біліктілігінің жүйелі болуында.

Бір сөзбен айтқанда ,Мемлекет басшысының Жолдауында атап көрсетілген он міндет бір-бірімен үндесіп еліміздің болашағы үшін тарихи өрлеуге бастай отырып,Қазақстанда біртұтас ұлт болуымыздың алғышарты деп түсінмін.

        

 

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст