2025 жылдың 4 маусым күні лагерьде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай "Біз рәміздер туралы не білеміз?" атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты- балаларға еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы мағлұмат беру, олардың мән-мағынасын түсіндіру, патриоттық сезім мен Отанға деген құрметті қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы қызықты деректермен танысты. Әр топқа рәміздерге қатысты викториналық сұрақтар қойылып, тарихи мәліметтермен, рәміздердің авторларымен және олардың мағыналық мазмұнымен жұмыс жүргізілді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балалардың елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.