Текст
Жалпы ұлттық мереке Қыдыр атаның келуімен, оның бата*тілегімен басталуы керек. Осыған орай мектепішілік "Ақ бата" байқауы ұйымдастырылды. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, көшпелі өмірдің келбетіне айналған бата – қазақ салт-дәстүрінің ішінде әлі күнге дейін қолданыста жүрген дәстүрдің бірі. Бата оқылған кезде үлкен-кіші әр сөзін ықыласпен тыңдайды.