Текст
28-қазанда, 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өтті. Ата-аналар жиналысында сынып жетекшілер оқушылардың 1 тоқсан бойынша оқу үлгерімінің қорытындысымен таныстырды. Сонымен бірге күзгі демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі және ғаламтор қауіпсіздігі бойынша әңгіме жүргізілді.