Жыланды қазақ негізгі мектебінде
өтетін «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынының сценарийі.
Өтетін күні: 25 мамыр 2018 жыл
Өтетін уақыты: сағат 10.00
Өтетін орны: мектеп алаңы
Мектеп алаңы мерекелік
көрнекіліктермен безендірілген.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысты әуен ойналып тұрады.
1- жүргізуші:
-Армысыздар,құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.
2- жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, міне, бүгін қызығы
мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі,
оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа
шығарып,салатын – соңғы қоңырау салтанаты!
1-жүргізуші:
Сап түзелсін
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
-Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтсек:
1--------------------------------------------------------------------------------------------------
2.--------------------------------------------------------------------------------------------------
3--------------------------------------------------------------------------------------------------
1-жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің.
Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау
мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді
қамқорлығым деп түсінген мектебіміз
дің директоры Амриева Р.Ж. құттықтау
сөз кезегін береміз.
2- жүргізуші:
Әсем әнге кезек берсек. Ән " Ұстазым менің "
6 сынып
қошеметпен қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші
Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі құрметті қонағымыз
_______________________________
беріледі.
Қонақтарымыздың құрметіне «Шұғыла» би тобын қарсы алыңыздар .
Қазақ биі
2- жүргізуші:
Біз жасампаз халықтың ұрпағымыз. Сондай-ақ биылғы оқу жылында шәкірттеріміз
жетістіктерімізбен қатар Республикалық, ауданың олимпиадалар, жобалардың және
әр-түрлі сайыстардың жеңімпаздары мен үздік оқушыларымызды марапаттау рәсімін
мектебіміздің директоры Амриева Р.Ж сөз
беріледі.
2- жүргізуші:
Ортаға " Балдаурен"
шағын –орталығының бүлдіршіндері
шақырылады
1- жүргізуші:
Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек сөз
2- жүргізуші: құттықтау сөзді бастауыш сыныпқа
береміз
Биболат:
Білімнің қайнар
бұлағы,
Өнердің жарқын
шырағы.
Тұрағы өзің,
мектебім,
Шәкірттің асыл
қырағы.
Ильнара:
Мектебім - мәңгі
бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген
парызды,
Ақтаймыз талай
әлі біз.
Санжар:
Мектебім менің әдемі,
Класым керемет
еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!
Айалым:
Армысың сен алтын
ұя мектебім,
Саған айтар жыр
алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан
білім шырағын,
Мақтан етем сені
мәңгі мектебім.
Мөлдір:
Мектеп – үйім ,
ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен
мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан
тарапқа тараған.
Қадиша:
Мектеп – кеме ,
білім – теңіз,
Барар жерге тез
жетеміз.
Үш жыл алған
білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз
Нұрлан:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген
тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Меруерт:
Мектеп, мектеп,
менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп,
шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,
анам боп та көріндің
1-ж: Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті бұлақ ақтады.
Мектепті жақсы бітіріп,
Ұстаздың болдың мақтаны.
Шығыңдар білім шыңына
Батамыз осы сендерге.
Болыңдар үздік тағы да,
Оқуда да, еңбекте.
2- жүргізуші:
Жазғы демалысты
жақсы өткізіп, келесі
жаңа оқу жылында амандықпен
жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы
қоңырау жиынын
жабық деп жариялаймыз.
жолыққанша сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты соңғы
қоңырау жиынын
жабық деп жариялай
жолыққанша
сау-саламатта болыңыздар! Салтанатты
соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз